Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісі ал. Абай Құнанбаев | Шешендік – тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы. Мәулен Балақаев | Ділмар клубы – көшбасшылық шеберханасы
Жаңалықтар

"БАЛА ДІЛМАР" байқауы өтті.

avatar
Administrator
Сайт администраторы
27.09.2025 02:13
blogpost

«Бала ділмар» байқауы арқылы 7-8 сынып оқушыларын үйірме үміткерлігіне іріктеу жасалды. 18 оқушы қатысқан байқаудың әсері өте үлкен болды.

Байқау үш кезең бойынша өтті:

І кезеңде “Шешендік өнер және мен” тақырыбында бейнежазба көрсетіліп талдау жасалды.

ІІ кезеңде шешендік сөздерді түсініп, мәнерлер жатқа айтты, мағынасын ашып сұрақтарға жауап берді. Бұл олардың ойлау қабілеті мен сөйлеу шеберлігін көрсетті.

ІІІ кезеңде сауалдапға қысқа уақытта жауап беріп білімі мен ой ұшқырлығын сыннан өткізді.

Байқау өте тартысты, қызық әрі тәрбиелік мәні зор жоғары деңгейде өтті. Әр қатысушы өзін жаңа қырынан танытып, шешендік өнерге деген құштарлығын көрсетті.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Авторы: Үйірмеге мүше 9 сынып оқушысы Нұрсая Рауанқызы


avatar
Administrator
Сайт администраторы
27.09.2025 02:13