Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісі ал. Абай Құнанбаев | Шешендік – тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы. Мәулен Балақаев | Ділмар клубы – көшбасшылық шеберханасы
Жаңалықтар

🎙 «Бала ділмар» – сөз өнерінің тағы бір биік белесі!

avatar
Administrator
Сайт администраторы
16.04.2025 05:41
blogpost

🏛 Абай атындағы РММИ-де ерекше шешендік сайыс өтеді!

💬 Сөз – қуатты қару, ой – биік шың!

Республикалық Абай мектебінің @abai_rmmi «Ділмар» үйірмесі жылдар бойы жас шешендерді тәрбиелеп келеді. Мұнда шәкірттер сөз өнерінің қыр-сырын меңгеріп, сайыстарда шыңдалады. Жүлделі орындарға ие болған тәжірибелі шешендер енді өз ізбасарларын баптап, тәлімгерлік мектебін қалыптастыруда.

👥 Тәлімгер – тек үйретуші емес, өзі де өсуші!

✅ Ізбасарын шыңдаған жетекші «Үздік тәлімгер» атағына ие болады.

✅ Бұл – жауапкершілік, көшбасшылық және шеберлік мектебі!

🔥 Жаңа маусым – жаңа мүмкіндіктер!

📌 Биылғы оқу жылында 9-10-сыныптың үздіктері жас таланттарды сайысқа дайындады.

📌 Күзден бері бірнеше мәрте шешендік додалар ұйымдастырылып, жаңа буын сөз шеберлері қалыптасты.

📌 Биыл алғаш рет – ЖҰПТЫҚ САЙЫС! Бұл – шешендердің нағыз сыналар сәті!

⚖ Ақыл мен шешендік таразыға түсетін күн жақын!

🚀 Кімнің сөзі жүрекке жетеді?

🚀 Кімнің ойы оқшау?

🚀 Кім нағыз «Бала ділмар» екенін дәлелдейді?

✨ Осы әсерлі сәттің куәсі болыңыз! ✨

📢 «Ділмар – ақпарат».


avatar
Administrator
Сайт администраторы
16.04.2025 05:41