📜 Өмір – аққан су, бағытыңды өзің таңда.
💡 Адамдықтың белгісі – сөзінде емес, ісінде.
⚖ Біреуге жағамын деп өмір сүрме, бұл өмірде ешкімге жақпайсың.
📖 Ұлтыңды сүю – тарихыңды білуден басталады.
🌊 Өмір кейде өзен секілді – ағысына қарсы жүзгендер ғана берілмейді.
🗡 Сөздің күші жоғалған күні, әділдік те жоғалады.
🔥 Өткір тілден қорыққан қоғам өтірікке құмар келеді.
👂 Айтылар сөз көп, бірақ тыңдар құлақ аз.
🌍 Жүз тіл білу – өз тіліңді ұмыт деген сөз емес.
⏳ Кейде тілді ұмыту – өз тарихыңды көмумен тең.
🔹 Жақсы сөз – жанның шырағы!
✍️ Авторы: Абай атындағы РММИ 8-сынып оқушысы, “Ділмар” үйірмесінің мүшесі Ақерке Ерболқызы.
📢 «Ділмар – ақпарат».