Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісі ал. Абай Құнанбаев | Шешендік – тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы. Мәулен Балақаев | Ділмар клубы – көшбасшылық шеберханасы
Жаңалықтар

🎙 Шешендер сайысы – Шымкент төрінде!

avatar
Administrator
Сайт администраторы
16.04.2025 05:46
blogpost

📅 17-18 сәуір | 📍 Шымкент қаласы

«Өнер алды – қызыл тіл» деген дана сөз бар. Тілдің құдіретін танытып, шешендіктің шыңына шығатын жастар бас қосатын кез келді! VI республикалық «Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысы…» байқауы өтеді.

🏛 Сөз сүлейлерінің сайысы

📌 Байқаудың мақсаты:

🔹 Жас шешендерді тәрбиелеу, сөйлеу мәдениетін дамыту

🔹 Абай мектептері арасындағы тәжірибе алмасуды күшейту

🔹 Оқушыларды білімді, тапқыр, көшбасшы ретінде қалыптастыру

🎭 Байқау кезеңдері:

🗣 Шешендік шеберлік – ой ұшқырлығы мен сөз құдіреті сыналады.

🎤 Жұптық сайыс – тапқырлық, суырыпсалмалық өнердің биік мектебі.

🏆 Жеңімпаздар марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталады!

📚 Мұғалімдерге арналған республикалық семинар

📖 Тақырыбы: «Шешендік өнер: құндылық, тәрбие, көшбасшылық»

👩‍🏫 Қазақ тілі мен әдебиеті, шешендік өнер пәндерінің ұстаздары тәжірибе алмасып, жаңа әдістемелермен танысады.

🔥 Шешендік – дәуірлерден жеткен асыл өнер!

Бұл байқау жылына екі рет өткізіліп, бұған дейін Абай, Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстары мен Астана қаласында өткен.

📌 Ұйымдастырушылар:

✅ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

✅ Абай атындағы республикалық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты

✅ «Ділмар» шешендік өнерді дамыту клубы

✅ Шымкент қаласы Білім басқармасының №90 мамандандырылған мектеп-гимназиясы

📍 Өтетін орны: Шымкент қаласы, «Асар» мөлтекауданы, 1967А.

📅 Уақыты: 17-18 сәуір.

✨ Кім мықты – сөз алаңында анықталады! ✨

📢 «Ділмар – ақпарат»


avatar
Administrator
Сайт администраторы
16.04.2025 05:46